Қазақстанда ауылшаруашылығына тартылған инвестиция көлемі артуда

Қазақстанда ауылшаруашылығына тартылған инвестиция көлемі артуда

Қазақстанда ауылшаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі артып келеді. Бұл ретте Түркістан өңірі көш бастап тұр. Облыстың аталған саласына 150 млрд теңге қаржы құйылған. Өлкеде ең ірі жылыжай салынды. Сондай-ақ, алдағы уақытта мақта өңдейтін зауыттар бой түземек. Аймақтың диқандары ішкі нарықты көкөніс, бау-бақша өнімдерімен және ет, сүтпен қамтамасыз етіп келеді. Экспорт бойынша ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% осы өңірге тиесілі.

Ермұхаммед Құралбеков, Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Мақтаны алып келіп, өндіріп, дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклды қамтитын үлкен инвестициялық жоба іске асуда, Құны 180 млрд жобасында. Осы жобаға қажетті 50 гектарға қажетті труба шығару зауыты, мақта тоқыма фабрикасының құрылысы басталып кетті.

Жамбыл облысында да құйылған қаражат көлемі артып келеді. Биыл мұнда 16 ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Олар өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған. Инвестицияның жалпы сомасы - 14 жарым млрд теңге. Атап айтқанда балық шаруашылығын құрылды, мақсары майы өндірісін ұлғайтылды және алма шырынын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Жаңа жобалардың, жүзеге асырылуына сонымен қатар мемлекеттен бөлінетін жаңа несиелік бағдарламалар да ықпал етеді. Мысалы, құс шаруашылығы сияқты фермаларда. Жалпы, 4 жылда облыста 245 млрд теңгеден астам сомаға 36 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Сонымен қатар, 5 млрд. теңгеге тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша екі жоба қолға алынды. Бұл фермерлерге еңбек өнімділігін арттыруға сеп болады. Сондай ақ, Қытайлық «Фуфен групп» компаниясы 173 млрд теңгеге жылына 500 мың тонна жүгеріні терең өңдейтін жобаны қолға алды. Келер жылы 50 млрд. теңгенің инвест жобасын жүзеге асырамыз.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?