Цифрландыру Қазақстан мен Армения әріптестігін арттыра алады

Цифрландыру Қазақстан мен Армения әріптестігін арттыра алады

Өткен апта соңындағы Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрі арасындағы келіссөз екі ел қарым-қатынасының жаңа кезеңін ашты. Сарапшылар осылай дейді. Өткен жылы қос тараптың сауда айналымы 80 млн доллардан асқан. Алайда, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Әлішер Абдрешев ынтымақтастық әлеуеті бұдан едәуір жоғары екенін айтады. Қазақстан Арменияға жүк жеткізу көлемін ұлғайта алады, ал технологиялық жобалар мен цифрлық шешімдер Астана мен Ереван арасындағы әріптестікті арттыруға қауқарлы. 

Әлішер Абдрешев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы:  

- Жасанды интелекттің өзектілігі жоғары. Қазақстан соңғы уақытта бұл салаға көп көңіл бөліп келеді. Менің ойымша, армян тарапы да Қазақстанмен осы бағыттағы әріптестікті жолға қоюға мүдделі. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?