Nobel Fest: Астанада әлемдік білім апталығы өтуде

Nobel Fest: Астанада әлемдік білім апталығы өтуде

IT технологиялар мен жасанды интеллект, нейробиология және білім беру саласындағы ондаған жетекші әлемдік сарапшылар мен ғалымдар Астанада өтіп жатқан Nobel Fest апталығында бас қосты. Ауқымды шара дәстүрлі түрде Нобель сыйлығының лауреаттары мен инновация көшбасшыларын біріктіреді. Биыл олардың қатарында еңбек және мансап болашағы бойынша әлемдегі № 1 сарапшы - Гарри Боллс, БҰҰ бас хатшысының бұрынғы кеңесшісі Рае Квон Чунг пен белгілі ғалым Константин Северинов бар. Соңғысының пікірінше, фестивальде білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген. Айтуынша, саланы дамыту үшін жаңа тәсілдер қажет.


Константин Северинов, Биология ғылымдарының докторы, генетика жөніндегі сарапшы:

- Білім беру саласын дамытуға ден қою керек. Оның барлық деңгейде қамтылуы аса маңызды. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, жан жақты дамыту үшін үздіксіз жұмыс істеу қажет. Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыратын әдістер құрып, тілін табуға тырысқан жөн. білу маңызды. Менің ойымша, сапалы білім бағдарламасы бар мектеп оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Яғни, мектепте өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Фестивальде еліміздің жетекші оқу орындары білім беру саласындағы өздерінің инновациялық және цифрлық сервис-өнімдерін ұсынды. Соның бірі Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде екінші жыл табысты жұмыс істеп келеді. Әзірлеушілердің айтуынша, платформа процестің барлық қатысушыларына бейімделген.

Мурат Жашкеев, жоба жетекшісі:

- Біз бұның арқасында тек академиялық мәселелердің ғана басын қайырумен шектелмейміз. Сондай-ақ, HR бағытындағы сұрақтар мен бухгалтерлік және заңгерлік мәселелерді шеше аламыз. Көбіне бұл электрондық құжат айналымы онлайн-қол қою сынды түрлі мәселелерге қатысты. Яғни, ол экожүйе деп аталады. Себебі ол мектепті биометрия арқылы сыртқы жүйелермен, банктермен төлем жасау үшін біріктіретін және тағы басқа мәселелерді шешу үшін қажетті ауқымды жүйе.

Nobel Fest аясында «Қазақстан мұғалімі» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Оның жеңімпазы «Global teacher prize» жаһандық сыйлығында еліміздің намысын қорғайды.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?