Қазақстанда үздік экостартаптар анықталды

Қазақстанда үздік экостартаптар анықталды

Қазақстанның үздік экологиялық стартаптары анықталды. Ұлттық форум аясындағы байқауға жасыл технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілетудің жаһандық бағдарламасы бойынша 200-ден астам жоба келіп түсті. Сарапшылар оның ішінен елуін іріктеп алды. Ал, олардың 5-уі ЮНИДО –  өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымынан 3 млн теңге көлемінде сыйақы алды. Сондай-ақ, олардың бірнешеуі жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Табысты жобалардың бірі – хлорелла арқылы суды тазалау, бұл жоба еліміздің бірнеше өңірінде енгізілген.


Дидар Қарымсақов, ҚР ЭТРМ Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар ұйымының басшысы:


- Стартап жобалар жеті бағыт бойынша анықталған. Ол суды басқару және үнемдеу, энергияның тиімділігін арттыру, содан кейін қалдықтарды басқару, кейін жасыл транспорт, жасыл құрылыс материалдары сияқты бағыттарды, стартаптарды таңдап алдық.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?