Қазақша компьютерлік код

Қазақстандық оқушы компьютерді қазақ тілінде сөйлетті. Қостанайлық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дамир Сарбасов алғаш мемлекеттік тілдегі бағдарламаланы әзірледі. Осы жаздан бері жобада жұмыс істеп жүрген оқушы бұл процесс оңайға соқпағанын айтады. Дегенмен кодты әзірлеу бағдарламалауды үйренгісі келетіндерге көмек беретінін түсінгенде жұмысына бұрынғысынан беріліп, ісі өне бастаған. 

Айта кетейік, Дамирге дейін де көптеген мамандар компьютерді мемлекеттік тілде сөйлетуге тырысқан еді. 

Дамир Сарбасов, 12 сынып оқушысы: 

– Мен ағылшын тілін жетік меңгермеген адамдар да бағдарламалауды үйренуі қолжетімді болуын қаладым.  Маған бұл өте қызық болды. Сондықтан қазақ тілінде бағдарламалау тілін жасау идеясы келді. Сәйкесінше, оны көп адам пайдалана алады. Осылайша, адамдар бағдарламалау дағдыларын үйреніп қана қоймай, сонымен қатар қазақ тілін де меңгере алады. 

Александр Шерцер, информатика пәнінің мұғалімі: 

– Біз бір жағынан цифрландыруды жетілдірудеміз, екіншіден, бұл – қазақ тілінің дамуына қосқан үлесіміз. Қазіргі уақытта Жоғары оқу орындарындағы қай мамандық болмасын бағдарламалау бірінші курстарда оқытылады. Сонымен қатар Президенттің Жолдауында да – Hard skills, Soft skills дағдыларын дамыту қажеттігіне баса назар аударылды, сондықтан бұл қосымша біліктілік есебінде қарастырылады. 

Жоғары сынып оқушысы мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынып отырған жобаға білім беру мекемелері мен ІТ саласындағы мамандар лайықты бағасын берді. Бұл оқушылардың бағдарламалауды оңай меңгеруің, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйренуіне мүмкіндік береді.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?