Michelin жұлдызына ие аспаздардың тәлімгерлері Қазақстанның ЖОО-мен ынтымақтастық орнатпақ

Michelin жұлдызына ие аспаздардың тәлімгерлері Қазақстанның ЖОО-мен ынтымақтастық орнатпақ

Қазақстанда гастрономиялық туризм танымалдылыққа ие болуда. Сарапшылардың айтуынша, бұған еліміздің аспаздық дәстүрінің әралуандығы ықпал етеді. Елімізде тек ұлттық тағамдардан ғана емес, қытай, түрік, орыс және басқа да ұлт мәзірлерінен дәм татуға болады. Бұған қоса өзге халықтардың тағамына қазақтың дәстүрлі тағамдарынан кем көңіл бөлінбейді. Атап айтқанда, жақында Алматыға Францияның танымал аспаздық мектептерінің өкілдері барып қайтты, олардың түлектері бірнеше рет Michelin жұлдыздарының иегерлері атанды. Шетелдік аспаздар мейрамхана ісі кафедралары бар қазақстандық оқу орындарымен ынтымақтасуға ниетті. Студенттер шеберлік сыныптары барысында аспаздық лайфхактар, қайталанбас ерекше рецепттер мен бесінші республиканың гастрономиялық құпиясы туралы біле алады. Өз кезегінде француздар отандық ұлттық тағамдар мен деликатестерді дайындаудың ерекшеліктерін үйренбек ниетте.