Енді «Болашақ» бағдарламасымен мектепті үздік аяқтаған дарынды балалар да
оқи алады. Бүгінде осы мақсатта жұмыс тобы құрылып, мәселе
жан-жақты пысықталу үстінде. Енгізілетін
нормаларға сәйкес талантты оқушылар тек ақшалай сыйлық алып, гранттарды иеленіп
қоймай, сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламасы
бойынша оқуға түсе алады.
Оның негізгі шартына сәйкес үміткер халықаралық олимпиада немесе жоба жеңімпазы
болуы керек. Ал, білім сайыстарының тізімін
республикалық «Болашақ» бағдарламасы комиссиясы бекітеді. Айта кетейік, бүгінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес «Болашақ»
бағдарламасымен тек магистратура, докторантура және тағылымдамалар
бағдарламалары бойынша оқуға болады.
Әлия
Оспанова, «Халықаралық
бағдарламалар орталығы» АҚ
басқарма төрағасы:
- Шетелдегі оқыған
Қазақстан азаматтарын елге оралтудың негізгі механизмі – «Болашақ» бағдарламасы.
Ешқандай басқа аналог ретінде механизм жоқ. Әр Қазақстан азаматтының таңдау
мүмкіншілігі болуы тиіс. Егер,
біз,
мектеп бітірген халықаралық олимпиада жеңімпаздарына таңдау мүмкіндігін берсек, оларда «Болашақ»
бағдарламасымен бакалавриатты шетелде оқып, оралып, елге үлес қосу деген бір
жолы болады. Болмаса,
халықаралық универсиеттердің шақыртуын қабылдау мүмкіншілігі болар.
Еске сала кетейік, «Болашақ» халықаралық
стипендиясымен 31 жылда 12,5 мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алды. Жыл сайын шәкіртақыға республикалық
бюджеттен 20 миллиард теңге жұмсалады.