Орталық Азия елдері Аралды құтқару қорының міндеттерін талқылады

Орталық Азия елдері Аралды құтқару қорының міндеттерін талқылады

Трансшекаралық су ресурстарын бiрлесiп пайдалану және Арал теңiзi бассейнiндегi экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды одан әрi шешу жөнiндегi шаралар. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы аясында Орталық Азия елдері делегацияларының басшыларымен осы мәселелерді талқылады. Тараптар Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы аясында келіссөздер жүргізді. Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміз алдағы екі жылға осы Ұйымның төрағасы болып сайланды және мүше мемлекеттерді алда бірнеше жұмыс күтіп тұр. Олжас Бектеновтың айтуынша, бүгінде су-энергетикалық ынтымақтастық тетіктерін пысықтау, цифрлық технологияларды енгізу, жерді қашықтан зондтаудың спутниктік деректерін пайдалану өзекті. Бұл ретте барлық тараптардың мүдделері ескерілуі тиіс. Сондай-ақ, Арал теңiзi бассейнiнде су ресурстарын есепке алудың, мониторингтеудiң, басқарудың және бөлудiң бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу қажет. Осының бәрі күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясының, ал жазғы кезеңде суармалы судың тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.