Жастарға ұлттық ғарыш бағдарламасын дамыту тетіктері туралы айтылды

Жастарға ұлттық ғарыш бағдарламасын дамыту тетіктері туралы айтылды

Осы жылдың соңында «Союз-5» зымыран-тасығышын ұшыру сынақтары басталады. Оны «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады. Бұл туралы ұйымның басқарма төрағасы, ғарышкер Айдын Айымбетов студенттермен кездесу барысында мәлімдеді. Елордада авиация генерал-майорымен әңгімелесуге отандық жоғары оқу орындары мен колледждерден 70-тен астам жас жиналды. Кездесуде ұлттық ғарыш бағдарламасын дамыту тетіктеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге Қазақстанның Аэроғарыш саласы бірқатар ғылыми-зерттеу және инженерлік-техникалық құрылымдардан жасақталғындығы айтылды. Басты мақсат - жастарды жоғарғы технологиялармен және саланың ғылыми жетістіктерімен байланысты мамандықтарды таңдауға ынталандыру. Іс-шара Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы мен Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне орайластырылды.

Айдын Айымбетов, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей БК» АҚ басқарма төрағасы:

- Осы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Байқоңыр ғарыш айлағында жастарды жұмыс істеуге шақырып отырған мамандықтарымыз жұмысшы мамандықтар қатарына жатады. Бұл Бәйтерек зымыран кешеніне қызмет көрсететін инженерлік-техникалық құрамдар. Студенттерді, жас мамандарды аты аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағында жұмыс істеуге шақырамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?