Солтүстік Аралды қалпына келтіру: жобаның екінші фазасына дайындық жүргізілуде

Солтүстік Аралды қалпына келтіру: жобаның екінші фазасына дайындық жүргізілуде

Қазақстанда Солтүстік Арал теңізін қалпына келтірудің екінші кезеңіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ол су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығын дамытуға көмектесуге, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, солтүстік бөлікте судың жинақталу көлемі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Айта кетейік, ол үш компоненттен тұрады.


Алмас Мұсабеков, ҚР СРИМ Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы.


- Оның алғашқысы – Солтүстік Арал мен Сырдария өзені саласындағы инфрақұрылымды дамыту, гидрогеологиялық жағдайды жақсарту. Екіншісі – Қызылорда облысының тұрақты экономикалық, әлеуметтік-экологиялық жағдайын қолдау және үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасын, жүйелерін жетілдіру. Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды, ал, Солтүстік Аралдағы су көлемі - 27,1 млрд текше метрге жетті.