Мемлекеттік оқу грантына өтініштердің 25% онлайн қабылданды

Қазақстанда мемлекеттік грантқа құжат қабылдау 22 шілдеде аяқталды. Биыл көптің сұрауымен мерзімі екі күнге ұзартылғанын айта кетейік. Нәтижесінде, мемлекет есебінен тегін жоғары білім алуға 78 мыңнан астам талапкер үмітті. Олардың 25% ниетін виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы білдірген. Мәселен, Гумилев атындағы ЕҰУ-не келіп түскен 3 мыңнан астам өтініштің де үштен бірі қашықтан жүзеге асқан.

Өміржан Қоқаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Еліміздің шалғай аудандарында орналасқан мектеп түлектері виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы өтініштер берді. Біз мыңға тарта нақтырақ айтқанда 950 өтінішті осы виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы қабылдаа алдық.

Биыл еліміздің жоғарғы оқу орындарында тегін оқуға мүмікнідік беретін 73 мыңға тарта грант тағайындалмақ. Оның 60% техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондықтан, биылғы түлектердің тарапынан да педагогикалық, медициналық мамандықтармен қатар техникалық кәсіптерге таңдау көбірек түскен. Талдау олардың бұл қадамға ерте қамдана бастағанын көрсетеді.

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

– Жалпы бұл көріністі талапкерлердің ҰБТ-ді  тапсыру комбинацияларынан байқауға болады. Мысалы, ҰБТ тапсырған барлық  талапкерлердің 28%-ті физика-математика комбинациясын тапсырған, 18% химия-биологияны таңдаған. Жаңағы біз атап өткен үш бағытқа осы екі комбинация қатысты.

Кімнің бағы шауып, білімі асатыны алдағы тамыз айының 10-на дейін белгілі болады. Айта кетерлік жайт, шекті бал жинай алмайған түлектерде білімін қайта сынай алады. Жоғары білім алуға дәмелілдер үшін алдағы айда Ұлттық біріңғай тест тапсырудың тағы бір мүмкіндігі жасалмақ. Өтініштер шілденің 25 нен 30-на дейін қабылданады. Бұл жолы сүрінбесе, оқуға тек ақылы түрде түсе алады.    

 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов