Қазақстан геймердің көзімен. 2025 жылы бірқатар отандық видео ойын халықаралық тұғырнамаларға шығады. Жаһанға
тарайтын жобалар ел тарихын кеңге насихаттауға бағдарланған. Дені қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертеді.
Олардың бірі ұлттық аңыз-әңгімелер негізінде құрылған.
Аида Қуатқызы, Жоба авторларының
бірі:
-Бұл жоба «Із» деп аталады. Бұл
жобада Баян есімді қыздың рөлі ойналады. Ол қазақ ұлттық фольклорына немесе
мифологиясына байланысты. Мысалы бізде «Жезтырнақ» немесе «Жалмауыз кемпір»
деген кейіпкерлер бар. Біздің мақсатымыз осы мифологияны бүкілдүниежүзі білсін
деп тарату.
Елордада «IT FEST» инновациялық идеялар фестивалі аясында түрлі саладағы ақпараттық технологиялар ұсынылды. Негізінен қазақстандық оқушылар мен студенттер және стартапшылардың төл өнімдері таныстырылды. Киберспорт, спорттық бағдарлаудан үздіктер анықталады. Жас IT мамандарына саланың озық технологиялары таныстырылып, білікті сарапшылар шеберлік сыныптар ұйымдастырады.
Асқар Хикметов, Халықаралық ақпараттық
технологиялар университетінің ректоры:
-Биыл қатысушылардың ауқымы
әлдеқайда кеңейді. Бұл шараға ат салысқан университетер саны мен жалпы түрлі
жастағы қатысушылардың қатары артқаны байқалады. Бұл жолы фестиваль 8 секцияға
бөлінді. Оның екеуі биыл алғаш рет ұсынылып отыр. Жаңадан робототехника мен
киберспорт қосылды. Оларда бұрындары болмаған шешімдер қаралады.