Оларды Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Айта кету керек, олар ел тарихындағы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясына енгізілген. Монета күміс пен мельхиор қорытпасынан жасалған. Шығарылымы шектеулі коллекциялық монеталардың номиналы 500 және 100 теңге.
Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы:
- Бұл монеталарды коллекциялық мақсатта емес, сыйлық ретінде, инвестициялық құрал ретінде сатып алатындар көп қазір. Коллекциялық монеталар құнын жоғалтпайды, керісінше құны жоғарлай береді.