Қазақстандық әйелдер ғарышты бағындыруға ниетті

Қазақстандық әйелдер ғарышты бағындыруға ниетті

Алғашқы қазақстандық әйел ғарышқа ұшуға дайындалуда. Отандық кәсіпкер Дана Қарағұсова жуырда Blue Origin компаниясының суборбиталық туристік ғарыш сапарына қатысады. Отандасымызбен бірге халықаралық деңгейде ғарыш шекарасы деп саналатын - Карман сызығына түрлі елдерден тағы бес қатысушы аттанады. Миссия New Shepard бағдарламасымен басқарылатын 15-рейс болмақ. Ұшу уақыты шамамен 10 минутты құрайды.

Ғарыш әлеміне тағы 4 қазақстандық әйел аттануы мүмкін. Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында «SANA-1» бірегей зерттеу жобасы іске қосылды. Бұл модуль ғарышқа ұшқандай әсер қалдырады. Юлия Бакирова, Әсем Қуандық, Дарья Комарова және Линара Жәдігерова 10 тәулік бойы ғарыш кемесінің көшірмесіне ұқсайтын арнайы жерүсті модуль-имитаторында болады. Айта кетейік, даярлау бағдарламасы медициналық, білім беру және басқа да тәжірибелік сынақтарды қамтиды. Сарапшылардың паймынша, бірегей жоба ұлттық ғылыми базаны қалыптастыруға және болашақ ғарыштық миссияларға мамандарды даярлауға негіз қалайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?