Қазақстан – ЕАЭО және ОА елдері арасында интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы

Финпром порталының мәліметінше, қазіргі таңда біздегі ғаламтор желісінің таралу деңгейі Армения, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Тәжікстан елдерін басып озды. Айта кетейік, жалпы рейтингте Қазақстан бірден 11 сатыға жоғарылап, 72-орынға жайғасты. Соңғы бір жылдың ішінде интернет жылдамдығы 48% өсті. Сарапшылардың пікірінше, бұл салаға тұрақты түрде қаржы құюдың жемісі. Тек осы жылдың төрт айында ғана Ақпарат және байланыс секторын дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі 30 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16% артық. Ал былтыр бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге, 179 млрд теңгеге жетті.