Мемлекеттік кеңесші бастаған қазақстандық делегация Қытайда өткен іс-шараларға қатысты

Мемлекеттік кеңесші бастаған қазақстандық делегация Қытайда өткен іс-шараларға қатысты

Мемлекеттік кеңесші бастаған медиа және талдау құрылымдары өкілдерінен жасақталған Қазақстанның делегациясы Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты. Ерлан Қарин Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен жүздесті. Басқосуда тараптар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне орай бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты. Мемлекеттік кеңесші аспан асты елінің қоғамдық ғылымдар академиясының президентімен де кездесті. Кейін Ерлан Қарин Қытай Халық университетінің оқытушылық ұжымына және студенттеріне дәріс өткізді. Бұдан соң, қос ел мен Қытайдың талдау орталықтарының алғашқы форумында сөз сөйледі. Ал қазақстандық БАҚ жетекшілерінен құралған делегация Қытайдың ірі медиакорпорациясы China Media Group жұмысымен танысып, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?