Сенат бірқатар халықаралық құжатты мақұлдады

Сенат бірқатар халықаралық құжатты мақұлдады

Сенат ел Үкіметі мен Біріккен ұлттар ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум мен оның аясында хаттар алмасу келісімін мақұлдады. Аталған құжатттар Қазақстанның бітімгершілік қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Сондай-ақ, персоналды, техниканы және материалдық қамтамасыз етуді беру тәртібі мен қаржыландыру және шығындарды өтеу тетігін айқындайды. Яғни, осы меморандум аясында БҰҰ еліміздің миссияға қатысуына байланысты шығыстарды өтеуге міндеттеме алады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Еліміз бұл ұйымның тұрақты әрі сенімді серіктесі ретінде халықаралық бітімгершілік миссияларға қосылып, сомды үлес қосып келеді. Бүгін қаралған заңдар осы жауапты қызметтің құқықтық негіздері мен шарттарын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етеді. Жалпы бұл заңдарды мақұлдау Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге оң септігін тигізеді деп сенеміз.

Сонымен қатар, сенаторлар Қазақстан мен Ресейдің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді мақұлдады. Құжат тараптардың электр энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?