Қытаймен ынтымақтастық Қазақстан экономикасы үшін тиімді

Қытаймен ынтымақтастық Қазақстан экономикасы үшін тиімді

Инвестицияларды тарту, ауқымды бизнес-жобаларды іске асыру, ірі өндірістерді іске қосу мен транзиттік жүк тасымалы көлемін ұлғайту. Мұның барлығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммитінің өтуі мен оған еліміздің белсенді қатысуы - көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және ұзақ мерзімді экономикалық стратегияларды іске асыруға ықпал етеді. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Қытаймен әріптестікті нығайту Орталық Азия өңірі үшін әсіресе логистика саласында өте тиімді болады.


Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Тек Қазақстан ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да мемлекеттер Қытай нарығы үшін тартымды болуы керек. Біздің міндетіміз – осы бағытта қолдан келгеннің бәрін жасау. Яғни, бейбітшілік болу керек. Туристер қызығушылық таныту қажет. Қазір теңіз арқылы емес, біздің өңір арқылы тауар тасымалдау Қытай үшін өте тиімді болып отыр. Біз осыны әр түрлі жолмен қолдауымыз керек».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?