Қазақстанда биылғы жылдың II тоқсанында теміржолға баса назар аудара отырып, көліксаласына, қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне және еліміздің 4 облысының бюджетіне аудит жүргізілді. Нәтижесінде көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленді. Бұл туралы Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мәлімдеді. Сондай-ақ Әлихан Смайылов биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндады. Келесі тексеру жұмыстары Назарбаев Университетіне, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, сот жүйесі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібімен құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.