Биылғы
бірінші жартыжылдықта Алматы қаласының қысқамерзімді экономикалық индикаторы 11
пайызға өскен, ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға
артты. Президентке шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен
алдағы жоспарлары туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды баяндады. Мемлекет
басшысына қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды
теңгерімді бөлуге бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет
берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Бас жоспарда көзделген әлеуметтік инфрақұрылым мен
туристік кластер нысандарының құрылысын жалғастыруды тапсырды.

