Биыл
Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған
нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік
береді. Бұл туралы Мемлекет
басшысының YTO Express басқарма төрағасы Юй
Хуэйцзяоны қабылдауы кезінде
айтылды. Сонымен қатар, сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салынады. Мемлекет басшысына
«Қазпоштамен»
бірлескен кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімет
берілді. Жобаның
мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді
курьерлік желіні дамыту.

