Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның тұрақты павильоны ашылды

Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның тұрақты павильоны ашылды

Қазақстандық павильон Қытайдың Сиань қаласында ашылды. Тараптар келіскендей, ол жыл 12 ай тұрақты жұмыс істейді. Оның ашылу салтанатына келген қонақтар қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, отандық тауарларды бағалауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар осы шара аясында екі елдің қаржы институттары мен инвестициялық компаниялар арасында бизнес-коференция өтті. Қос тарап кәсіпкерлері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната алды. В2В келіссөздері аясында өзара әріптестікті нығайтуға бағытталған 15 келісім мен меморандумға қол қойылды. Бизнес өкілдері құрылыс, коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, азық-түлік экспорты мен импортындағы серіктестік бойынша жұмыс істемек.