Халықаралық спорт сайысы қолөнер, туризм, қызмет көрсету саласы сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін де тиімді ұйымдастырылып, кәсіптерін ілгерлетуге жағдай жасалуы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спорт қауымдастығы президентіне осындайц тапсырма берді.
Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізуге берген Қазақстанның өтінімін Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы былтыр қыркүйек айында бірауыздан қолдаған болатын. Исламбек Салжановтың айтуынша, Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ және Асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінің федерациялары қауымдастық аясына біріктірілген. Сонымен қатар ұлттық спорттың дамуына сараптама жасалып, жеке-жеке респубикалық федерациялармен институционалдық тұрғыда жұмыс жүргізіле бастаған.