Құжат өзара бажсыз және кедергісіз алыс-беріс үшін жағдай жасауды көздейді. Тауар айналымынан бөлек дауларды шешу, қорғау шаралары, техникалық, санитарлық және фитосанитарлық реттеуді жүзеге асырады.
Айта кетейік, қазір тараптардың саудасы белсенді түрде дамып келеді. Мәселен, былтыр екі жақты тауар айналым 632 жарым млн долларға жеткен. Көп бөлігі қазақстандық экспорттың үлесіне тиесілі. Елімізден араб мемлекетіне 560 млн доллардың өнімі жеткізілген.