Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Құрама командалардың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен кездесуінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспарымен танысты. Құрылым басшысы спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев комитет алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, Президент Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?