Қасым-Жомарт Тоқаев Аммандағы Әл-Хусейния сарайына келді. Ол жерде
Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Еске сала кетейік,
Мемлекет басшысы Иорданияда ресми сапармен жүр. Қасым-Жомарт Тоқаевты Король II
Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеді.
Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары
келіссөз залына барды. Тараптар сауда,
инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, энергетика,
цифрландыру және фармацевтика секілді негізгі секторлардағы өзара тиімді
ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады.

