Енді Пржевальский жылқыларының тіршілігін табиғи ортада бақылауға болады.
Қызығушылық танытқандар мұндай мүмкіндікті Қазақстанда арнайы туристік маршруттың
арқасында пайдалана алады. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің
өкілдері бұл жылдам жұмыс емес, дайындық белгілі бір уақытты талап етеді деп
отыр. Жақында жабайы жылқыларды қайтару жобасы аясында республикаға
жануарлардың кезекті партиясы әкелінді. Олар Чехия мен Венгриядан әскери
ұшақтармен жеткізілді.
Жансая
Теміржан, ҚР ЭТРМ Комитеті басқармасының бас сарапшысы:
- Жеті жылқы әкелінді. Олардың жасы 2 мен 4 жас
аралығында. Қазір керқұландардың жағдайы жақсы және оларды «Алтын дала» резерватының
аумағына шығардық. 4-маусымда өткен жылы әкелінген жылқылардың бірінші тобын
далаға шығардық. Олардың қозғалысын бақылау үшін екі биеге GPS-құрылғы
орнатылды. Жыл бойы жылқылардың жағдайы жақсы болды. Олар Торғай даласында
алғашқы қыстан аман шықты.
Керқұландардың алғашқы партиясын әкелу жобаның маңызды кезеңі болды.
Жануарлар қазір ортаға сәтті бейімделді. Олардың жағдайын жыл бойы
реинтродукция орталығының мамандары мен ветеринарлар бақылап отырды. Қостанай
облысындағы «Алтын дала» резерваты жоба үшін кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл жерде
қолайлы жағдай бар.
Сергей
Скляренко, Қазақстандық Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы Қолданбалы
биология орталығының директоры:
- Жылқылар жем-шөппен қоректенеді. Қора үлкен. Жылқылардың
саны жеткілікті. Сонымен қатар, әсіресе суық мезгілде шөптің қосымша жеткілікті
қоры бар. Бұл - әртүрлі жергілікті шөптер. Сонымен қатар, дәрумендік қоспалар,
тамыр дақылдары беріледі. Чех хайуанаттар бағының ұсынысы бойынша рацион ғылыми
түрде тексерілген. Яғни калориялы, қажетті дәрумендер мен миркроэлементтерге
бай».
Айта кетейік, бес жылда Қазақстанға жиыны 40 Пржевальский жылқысы әкелінеді. Ғалымдар бұл елде жануарлардың тұрақты көбеюіне жеткілікті деп отыр.

