Мемлекет
басшысы Ұлттық
ғылым академиясының президентін
қабылдады. Ақылбек
Күрішбаев Президентке
академияның
былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады. 2024 жылы отандық
ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау
мақсатында кешенді жұмыс жүргізілді. 3 интеграцияланған
пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленді. Президент Ұлттық ғылым академиясының алдына бірқатар
міндеттер қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның
әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар
аударды. Бүгінде сала
қолдауға ие болып отыр. Яғни, ғылымды
қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң
қабылданды, ал жас ғалымдарға тұрғын үй беріледі. Жақында Мемлекет басшысы Ұлттық
ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін
Жарлыққа қол қойылды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

