Қазақстанның тау-кен өндірісіннің инвестициялық әлеуеті

Қазақстанның тау-кен өндірісіннің инвестициялық әлеуеті

Әлемдік өнеркәсіп алпауыттары қазақстанның геологиялық барлау саласына қызығушылық танытуда. Биыл 20 желтоқсан күні e-qazyna.kz платформасында электрондық аукцион өтті. Отандық тау-кен өнеркәсібі АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Түркияның ірі компанияларының назарына ілікті. Елдің өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қатты пайдалы қазбаларды барлау құқығын алуға бағытталған аукцион екі жарым млрд теңгеге жуық қолтаңба бонусымен аяқталды. Сарапшылардың пікірінше, салаға әлемдік нарықтың ірі ойыншыларын тарту Қазақстанның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін танытып, елімізге шетелдік инвестициялар ағынын арттыруға ықпал етеді. Бұл ретте мамандар жеке капитал отандық тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуына заманауи технологияларды ендіруді қамтамасыз ететін айтады. Еске салайық, геологиялық салаға сырттан ірі инвесторларды тарту Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларының бірі. 

Иран Шархан, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
-
Біз нарыққа бірқатар табиғи байлықтарды ұсына аламыз. Олар аса маңызды материалдар: мыс, алюминий және ең бастысы мемлекет басшысы айтқандай, сирек кездесетін металлдар жаңа мұнай деп атап айтқан еді. Сондықтан, біз өз аумағымызда терең зерттеу жүргізудеміз. Осы элементтерді табу өте маңызды.