Мемлекет
басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады. Әңгіме барысында бауырлас елмен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі
талқыланды. Президент екі елдің стратегиялық
ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар
аударды. Өз кезегінде Яшар Гюлер атажұртта
көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім
және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.
Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған
күш-жігерін жоғары бағалады.