Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айтты. Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Испанияда соңғы жарты ғасырдағы ең жойқын табиғи апаттан 150-ден аса адам қаза тапты.