Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады

Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың әлеуетіне баса назар аударылды. Қазақстан Президенті тараптардың өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниеттерін жоғары бағалап, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы  диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.  

Өз кезегінде Сеа Киань Пен екі елдің байланысын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты. Бүгінде Қазақстанда 140 астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Бұл елдің біздің экономикамызға құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 млрд доллардан асқан.