Шетелдегі қазақстандықтар референдумға белсенді қатысуда

Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп тұр. Дәстүр бойынша Азия елдеріндегі учаскелер алғашқы болып жұмысын бастады. Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз Қазақстан елшілігінің ғимараттарында орналасқан учаскеде өз таңдауларын жасады.

Құлпынай Байтуова, дауыс беруші:

- Елден жырақта жүрсек те елдегі болып жатқан барлық оқиғалар бізді бей-жай қалдырмайды. Сондықтан өз азаматтық борышымызды білдіру үшін осы референдумға келіп отырмыз.  Кореяда тұратын әрбір азаматша өз борышын өтеу үшін осы елшілікке келіп дауыс берсеңіздер болады.

Ресейдегі отандастарымыз да атом электр станциясын салу жөніндегі референдумда дауыс берді. Мәскеудегі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, сонымен қатар, тағы төрт қалада дауыс беру учаскелері ашылды. Мұнда дауыс берушілер таңғы жетіден бастап жинала бастады. Айта кетейік, іргелес елде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.

Ақын Испуллаев, дауыс беруші:

- «Бүгін елшілікке келген мақсатым – біріншіден, өзімнің Конституциядағы құқығымды іске асыруға осы референдумға қатысып, өз дауысымды беруге келдім. Бүгінгі таңда мен ҚР болашағы үшін дауыс бердім. Қазақстан республикасы бүгінгі таңда талаптарға қарай даму керек.»

Александр Синяговский, Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:

- Ресей Федерациясының Қазақстан елшілігінде республикалық референдум күні №397 дауыс беру учаскесі ашылды.  Біздің елшіліктен басқа Ресей Федерациясындағы Санкт-Петербор, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларындағы бас консулдықтарда 5 учаскелік комиссиялар жұмыс істеуде. Дәстүр бойынша сайлаушылардың белсенділігін күтеміз.