Бүгін Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бүгінде салада 770 мыңнан астам маман қызмет атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады, ал көлік құралдарын– экономиканың қозғаушы күші, өсіп-өркендеу кепілі десек артық болмайтынын айтты..Қазақстан – Еуразиядағы негізгі транзиттік хабтың бірі. Қазір Транскаспий халықаралық көлік бағдары белсенді түрде дамытып келеді. Бұл – Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасында тауар жеткізудің төте жолы. Былтыр Сиань қаласында көлік-логистика орталығы ашылды. Қазір Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліздердің инфрақұрылымын біртіндеп жақсарту қолға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Алдағы уақытта еліміздегі темір жолдың ұзындығын едәуір арттыру көзделіп отыр. Он бір мың шақырым теміржолды жөндеу жұмысы жалғасады. Жаңадан 5 мың шақырым жол салу және оны жаңғырту жоспарлануда. Қазір Транс-Қазақстан теміржол дәлізі ауқымды жобасы қолға алынды. Менің тапсырмаммен ұзындығы 323 шақырым болатын «Мойынты – Қызылжар» теміржолы салынып жатыр. 


Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, тағы бір маңызды бағыт – машина жасау секторы. Әлемнің ең озық компанияларын тарта отырып, жергілікті өндірісті дамыту өзекті.  Астанадағы электровоз құрастыру кәсіпорнында жүк және жолаушылар тасымалдайтын электровоз бен қосалқы бөлшектер шығарылады. Мемлекет басшысы әуе қатынастарын дамыту көлік саясатындағы басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Тағы бір өзекті міндет - әуе жүк тасымалын дамыту және Қазақстанның өңірдегі жетекші авиациялық хаб ретінде қалыптасуы. Үкімет ұлттық жүк тасымалдаушы әуе компаниясын құру туралы жоспарын мәлімдеді. Жалпы, еліміздегі азаматтық авиация мен әуе арқылы жүк тасымалын дамыту мәселесі тек көлік қызметі ретінде қарастырылмайды. Оның ауқымы одан әлдеқайда кең. Бұл – еліміздің экономикалық өсіміне, халықаралық аренадағы орнына және егемендігіне тікелей әсер ететін стратегиялық вектор.

Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?