Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.