Қазақстан мен Индонезия арасында тауар айналым 1 млрд долларға жетуі мүмкін

Қазақстандық литий мен кобальт миниралдарын Индонезия импорттауға ниет танытып отыр.  Арнамызға берген сұхбатында аталмыш мемлекеттің елшісі - Мохамад Фаджрул қазір осы бағытта келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ дипломат Оңтүстік Азия елі біздің мұнай-газ саласына инвестиция құюға мүдделі екенін жеткізді. Қазір Индонезияға қазақстандық фероқоспарар экспортталады. Яғни, жеткізу жағы жолға қойылған. Ендігі кезекте жаңа тау-кен өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы келісіміге тұру қажет.

Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы  төтенше және өкілетті елшісі:
-Осы айда Индонезияның энергетика министрлігі жұмыс сапармен Қазақстанда болып қайтты. Сондай-ақ, осы салада ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер келді. Олар жергілікті энергетика министрлігі және табиғи рессурстарға жауапты тұлғалармен кездесу өткізді. Келіссөздердің нәтижесі бойынша осы жылдың соңы немесе келер жылдың басында өзара мемарандумға қол қойып, жұмысты бастап кету межеленген.

Сондай-ақ келер жылдың алғашқы тоқсанында қос ел өзара туризм жөніндегі ынтымақтастық меморандумына да қол қоюды жоспарлапты. Бұндағы мақсат  екі жақты туристер ағынын еселеу. Оның аясында Индонезияға сапар шегетін қазақстандықтарды жылына  15 мың адамға дейін, елімізге саяхаттап келетін  индонезиялықтар қатарын 5 мыңға жеткізу көзделген. Барыс-келісті арттыру қамында Алматыдан Джакарта немесе Бали аралдарына тікелей әуе рейсін ашу және өзара визасыз режимге оралу жағы қарастырылуда.

Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы  төтенше және өкілетті елшісі:
-
Егер біз елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашатын болсақ, бұл екі жақты туристер ағынын арттырумен қатар, Қазақстанға Индонезиядан импорт көлемін ұлғайтуға  септеседі. Мәселен, Индонезиядан үй жиһаздарын, мата, балық өнімдерін жеткізу,  сонымен қатар қазақстандық өнідер экспортының әлеуеті өседі. Осының нәтижесінде елдеріміздің тауар айналымын 1 мдрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік туады.  

Бұл орайда айта кетерлігі өткен жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-саттық 700 млн долларды құраған.