Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді. Тараптар ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады. Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?