Қазақстандық
университеттің филиалы Өзбекстанда ашылады. Auezov University Шыршық қаласында
18 білім бағдарламасы бойынша маман даярламақ. Тараптардың айтуынша, филиалдың
орналасу орнын тегінен-тегін таңдамаған. Себебі, ол көршілес елдегі өнеркәсібі ең
жетілген қала екен. Жапы, өңірде, машина жасау, металл өңдеу мен химиялық өнеркәсіп
дамыған. Сондықтан, отандық университет Өзбекстанда осы бағыттар бойынша білім
беріп, мамандар дайындайды. Ал, Қазақстанның өзінде, Жетісу облысында италиялық
Марка политехникалық университетінің филиалы ашылады. Елдің, ғылым және жоғары
білім министрлігінің мәліметінше, бұл оқу орнында қос дипломды білім беру
бағдарламасы жүзеге асырылады. Одан бөлек, тараптар бірлескен ғылыми жобалар
жасап, академиялық ұтқырлық бойынша
оқытушы-профессорлар және студенттер алмасады. Италиялық Жоғары Оқу Орны
биомедицина, әлеуметтік ғылым және менеджмнет салаларында кадр дайындайды.