Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Швейцария – Қазақстан» парламенттік
достық тобының мүшелерімен кездесуде Астана мен Берн арасындағы
сауда-инвестициялық ынтымақтастық әлеуеті және іс-әрекеттерді өзара үйлестіру
мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы сенімді серіктес саналатын бұл елмен
ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті.
Швейцария - Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі. Швейцариялық
делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос
тараптың да ниетті екенін көрсетеді. Парламенттік достық тобының үйлестірушісі
Филиппо Ломбарди Швейцарияның бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
екенін жеткізді.

