Қазақстанда электронды
коммерция нарығының субъектілері үшін бірыңғай экожүйе құрылады. Бұл туралы
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық пошта операторының басқарма төрағасы хабарлады.
Әсел Жанасованың айтуынша, осы мақсатта компания фулфилмент орталықтарын
дамыту, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру
пункттерін ашу, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп
жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның ең шалғай түкпірлерінде жаңа филиалдар ашу,
сондай-ақ Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хаб
салу жоспарда бар. Дәл осындай дәліздік орталық осы аптада Астана қаласында ашылмақ. Кездесу
соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын
жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік
қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.