Астанада сарапшылар Қазақстанның болашағын талқылады

Астанада сарапшылар Қазақстанның болашағын талқылады

Климаттық өзгерістер мен технологиялық төңкерістің, халық санының өсімі және пандемиялық қатердің заманауи қазақ қоғамына әсері. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары ел алдындағы сын-қатерлер жағдайында ел дамуының негізгі аспектілерін қарастырды. Ашық пікірталас форматында өткен кездесуге жетекші ғалымдар, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар елдегі экономикалық жағдай мен оның болашақтағы өсімі турасындағы болжамдарын басты назарда ұстады. Сарапшылар тұрақты экономилық өсу жолындағы кедергілерді жою жолдары тақырыбында өз көзқарастарын ортаға салды. Іс-шара барысында Институт директоры Еркін Тұқұмовтың – «Қазақстанның болашағы: мүмкіндіктердің «тар дәлізі» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Ғылыми еңбек Қазақстан дамуының негізгі аспектілерін қарастырады. Өз еңбегінде автор ұлттық бірігейлікті сақтай отырып жаһандық кеңістікке ықпалдасудың маңыздылығын айтады.

Еркін Тұқұмов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

- Ұлттық қызығушылықтарымызды қанағаттандыратын, біз қалаған болашақты қалыптастыру үшін қазірден бастап осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет, яғни бізді, қазақ қоғамын біріктіретін құралдар мен құндылықтарды таңдау, тарихымызды түсіну. Түрлі пропаганданың қармағына түспеуіміз керек. Өткенімізді ашық түрде әділ саралауымыз қажет, автор ретінде осы мәселелерді көтеруге тырыстым. Дәстүр мен дамудың біріккен формасы жарқын болашаққа жол ашып береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?