Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы баяндады. Жанат Элимановтың айтуынша, аталған бағдарлама заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілген. Ал еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңге сомасында мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарған. 

Асхат Жұмағалидың айтуынша, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 миллиард теңге аударылған. Биыл Агенттік бастамасымен бюджет процестерін автоматтандыру, Қазынашылықты білім беру мекемелерінің есеп жүйелерімен интеграциялауға, төлем құжаттарына қол қою кезінде биометрияны пайдалануға бағытталған цифрлық шешімдер енгізілді.