Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл күннің ел тарихында айырықша мән-мағынасы бар екенін, егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманының ақиқатқа айналған ұлы күні деп атап өтті. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек,- деді Президент.
Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау біздің қасиетті парызымыз болып қала бермек. Бүгінде олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болғанын, республиканың ішкі-және сыртқы сын-қатерлерге тап болғанын, дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келе жатқанын да айтып өтті. Қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет – егеменді елімізді одан әрі дамыту,-деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол жерлестеріне денсаулық, амандық, елге тыныштық тіледі.