Жаһандық су дағдарысының шиеленісуіне климаттық
өзгерістер, қоршаған ортаның ластануы, ресурстарды тиімсіз пайдалану әсер
етеді. Сондықтан, бұл мәселелерді елдер тек бірігіп шеше алады. Парсы шығанағын
зерттеу орталығының төрағасы Абдулазиз Сагердің пікірінше, One Water Summit -
қатысушылар аталған проблемаларды шешу бойынша практикалық құралдарды іздейтін
және су ресурстарын сақтау жөніндегі жоспарларды әзірлеуге бейімделген алаң.
Абдулазиз Сагер, Парсы шығанағын Зерттеу орталығының
төрағасы:
- Шөлейттену және су жетіспеушілігі проблемалары бүгінде
аса маңызды болып отыр. Бұл мәселелерге Қазақстан, Сауд Арабиясы мен Франция,
және, әрине, саммитке қатысушы қалған елдер, сондай-ақ көптеген халықаралық
ұйымдар үлкен мән береді. Ал, Сауд Арабиясы үшін де, Қазақстан үшін де су
құрамдас бөлігі мәселесі өте маңызды, бізде шөлдер бар, сондықтан су мен
шөлейттену мәселесі әрқашан да өзекті.
Сауд Арабиясындағы One Water Summit-тінде Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойды. Ол француз тарапының бассейнді зерттеуді және көлді қорғау бойынша бас жоспарды әзірлеуді бір миллион еуродан астам мөлшерде қаржыландыруды көздейді.
Әсел Күшенғалиева

