Қазақстанда статистикалық деректерді жинауға жасанды интеллект қолданылады

Қазақстанда статистикалық деректерді жинауға жасанды интеллект қолданылады

Қазақстанда келер жылдан бастап статистикалық деректерді жинауға жасанды интеллект қолданылады. Жаңа жүйе алдымен фискалды чектерді бақыламақ. Бұл тұрғындарды күнделікті тамақтануға, азық-түлік пен керек-жараққа жұмсайтын қаржысын  есептеуге бағытталған. Жүйе түбіртектегі тауардың атын, арнайы код арқылы анықтайды. Содан кейін түрлі категорияларға бөліп қарастырады екен. Мысалы, егер бұрын мәліметтер 12 мың дүкеннен қолмен жиналса, енді сандық деректер жүз жиырма төрт мың дүкеннен алынады. Биыл сынақтан өткен жаңа тетік өзінің тиімділігін көрсетті. Бір жыл ішінде 20 миллиард чекті талдауға қол жеткізілді. Оның 8 миллиарды AI көмегімен өңделді.Отандық нейрожелі есепті тезірек және дәлірек жасауға мүмкіндік берген.

Қуанышбек Жақыпбекұлы, ҚР Ұлттық статистика бюросының департамент директоры:

- Мысалы, майлылығы 2,5% пастерленген сүт бар. Алайда, көбіне түбіртектерде барлық сипаттама толық көрсетілмейді. Пастерленген сүт 2,5%. Бірақ бір жерде тек сүт немесе жай ғана пайызы берілуі мүмкін. Біз бұндай деректерді пайдалана алмаймыз. Сәйкесінше, жасанды интеллект бізге бұның бәрін реттеп, барынша тазартылған деректерді береді. Бұның деректерді өңдеуде пайдасы мол.


Мақсат Тұрлыбаев, ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы:


- Көптеген көрсеткіштер бойынша деректерді өңдеуге өте ұзақ уақыт кетті. Айталық, жалпы ішкі өнім бойынша ақпаратты 20 күнге дейін өңдеуге тура келетін. Қазір жасанды интеллектің арқасында біз осының барлығын бір сағатқа жеткізбей жасаймыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?