Түркістан
облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр сумен
тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту
жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Олжас Бектенов «Шардара» су қоймасы мен
«Көксарай» су реттегіш нысанын барып көрді.
Олжас Бектенов Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайымен, су қоймаларының жай-күйімен, жұмыстарының барысымен және еліміздің
оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан
шаралармен танысты. Жалпы, оның айтуынша, оңтүстік
өңірлердегі шаруаларды ылғалмен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау,
саланы жүйелі жаңғыртуды арттыру маңызды. Атап айтқанда, Көксарай су
реттегішінің жұмысын қалпына келтіру, сондай-ақ Президенттің тапсырмасы
шеңберінде барлық жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар, қазір үкімет көрші елдермен су бөлу мәселелері бойынша
келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ, таяу уақытта «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су
қоймалары арқылы «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн
текше метр су берілгенінің арқасында Түркістан қаласы кепілді түрде сумен
қамтамасыз етілетін болады.

