Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Қатардың арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен ШЫҰ-ның Астанада өтетін алдағы саммиті барысында кездесуге ниетті екенін атап өтті.