Қазақстан Президенті Түрікменстанға келді

Қазақстан Президенті Түрікменстанға келді

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға келді. Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Тараптар қысқаша әңгіме өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстанның ынтымақтастығы оң қарқын көрсетіп отырғанын атап өтті. Ал, БҰҰ Бас хатшысының жеке қатысуымен осындай маңызды форумды өткізу - бұл 30 жыл бойы оң бейтараптық саясатын жүргізіп келе жатқан Түркіменстанның жоғары халықаралық беделінің айғағы. Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түркімен қарым-қатынастарының ерекше сипатын жоғары бағалады. Тараптар  екі елдің халықтары достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор мән беретінін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?