2024 жылдың үш айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 трлн теңгеге
жуық кіріс кірген. Мемлекет басшысы Қаржы министрінің есебін тыңдады. Сондай-ақ
Мәди Такиевтің дерегінше, биыл 300 млрд теңгеден астам соманы қысқарту
ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға
жұмсалады. Ел Президентіне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік
шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары
жөнінде де баяндалды. Жобаның
жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе
қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы
онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы
министріне бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің салықтық
және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде
бірқатар тапсырма берді.