Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары арал проблемасын талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары арал проблемасын талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан сенатының депуттары Қызылыорда облысының Арал қаласында Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның екінші отырысына жиналды. Кездесуге онлайн қатысқан Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев екі ел арасындарғы қарым-қатынас бүгінде бауырлас елдер тарихында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық екі мемлекет үшін де маңызды саналатын Арал проблемасын шешуге өз ықпалын тигізеді. Палата Спикері теңіз деңгейін ұстап тұру үшін САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру қажеттігіне назар аудару керектігін айтты.

Мәулен Әшімбаева, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

– Біздің елдеріміздің мемлекет басшылары Арал проблемасын шешу және трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе екеніне үнемі баса мән беріп келеді. Кезінде бірегей су қоймасы болған Арал қазіргі таңда өңірдегі елдер үшін орасан зор экологиялық проблемаға айналып отыр. Бұл ынтымақтастықты нығайту және Аралды қайта жандандыру үшін озық тәжірибе мен технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік екені сөзсіз.

 

Автор: Ақзер Сегізбай